Жемқорлық автоөндірістің аяғына тұсау салмауы керек - Мақсат Халық

Dalanews 13 нояб. 2023 11:31 720

Қазақстан экономикасының көлік өнеркісібі саласы, ең қиын салалардың бірі, өзімізде жасалған авто өндірісін жолға қоямыз деп қаншама қаражат талан тараж болды.

Оған дәлел ретінде 4 пайыздық авто несие, күйреген АзияАвто жобасы, Бипек авто қашып кеткен Балушкин.

Кезінде Deo компаниясының Өзбекстанға дейін елімізде авто өндіріс саласын толық модернизациялаймыз деп инвестиция құюға келгенін де айтпаса болмайды.

Біздің шенділердің пара сұрағанда олар  "біз сендерде толық өндіріс циклін қояық деп тұрмыз, сіздер болсаңыздар тағы ақша сұрайсыздар" деп көрші елге барып, ол жақтағы авто өндірісті толық модернизациядан өткізді.

Бұл саланың Қазақстан үшін сабағы мол болды деп ойлаймын.

Енді кореялық KIA компаниясы Қостанайда толық циклді зауыт салатыны айтылып жатыр.

 

Зауыт 2025 жылы іске қосылып, 1500 жоғары ақылы жұмыс орны ашылады. Жылына 70 мың көлік шығарылады деген мәліметтер айтылуда. Осы сандарды есімізде сақтап алуымыз қажет деп есептеймін.


Егер жоба нәтижелі жүзеге асса автокөліктерді Ресей нарығына шығаруды көздеп отырған көрінеді. Тек ішкі нарыққа емес, көрші елге өткізуді көздегендері дұрыс деп есептеймін. Одан экспорттық әлеуетіміз артады, теңгеміздің тұрақтылығына да ықпал етеді. Жобаға серіктес болып отырған Allur компаниясы қазірдің өзінде біраз өнімін көрші елге экспорттайды екен.

Егер жоғарыдағы мәліметтер рас болып, жұмыс орнындары ашылып жатса, елімізде авто өндірісінің толық циклі қойылса, онда бұл сала модернизациядан өтті деуге болады. Әрі ел экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз. Қостанай өңірінде мұндай жобалардың басталып жатқаны әрине қуантады.

Бірақ бұл бұған дейінгі сәтсіз жобалардың бірі болып жатса, ертең мемлекеттік бюджеттен 4 пайыздық авто несие сияқты аталған зауыттың өнімдерін қолдау керек деп халық жинаған қаражатты аудару сценариі жүріп жатса. Онда халық болып, азаматтық қоғам болып ондай әрекеттерге жол бермеуіміз қажет деп есептеймін.

Мақсат ХАЛЫҚ, экономист

Рекомендовать
Последние новости