Жарылыстан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті

Dalanews 27 авг. 2021 10:37 855

Соңғы мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы қоймадағы жарылыс салдарынан барлығы 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаза тапқандардың арасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, әскери бөлімшелер, әскерилендірілген күзет және әскери прокуратура қызметкерлері бар, деп хабарлады ТЖМ.

Қазір қаза тапқандардың кім екені анықталуда. Жоғалған 4 адам туралы деректер тексерілуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауруханаға Төтенше жағдайлар қызметінің 49 қызметкері түскен.


Оқиға орнында министр бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмыс істеуде.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін қауырт желі ашылды: 33-32-89, 53-32-79, 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Рекомендовать
Последние новости