Жақында Антикор ұстаған әкімнің адвокатқа ақшасы жоқ

Көркем Алдабергенова 20 февр. 2024 11:25 3341

Жақында ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің отбасы адвокаттың қызметіне 4,5 миллион теңге жинап жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желіде Әубәкіровті қорғауға арналған кампания басталып кеткен. Әкімнің жақындары мен достары Шапағат Әубәкіровке жала жабылғанын айтады. Оның әйелі Манат Әубәкірованың шотына ақша жинау басталған.

Мессенджерлерде шенеуніктің әйелі президентке үндеу жасап, тергеуді бақылауына алуын сұраған видео тараған. Ұсталған әкімнің әйелі оның да, күйеуінің де артық ақшасы жоғын айтады. Видеода әйел адамнан бөлек қасында бес баласы отыр.

Қазіргі уақытта Шапағат Әубәкіровті қорғау жұмыстарымен айналысатын адвокаттың қызметіне 4,5 миллион теңге жинау басталған.

Айта кетейк, 6 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Telegram-арнасында Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әбәкірдің ұсталғаны жайлы мәлімет таратты.

Күдікті әр жылдары қалалық экономика және бюджетті жоспарлау білімінде бірнеше лауазымда қызмет еткен. Ал 2023 жылы Сатбаев қаласының әкімі лауазымына тағайындалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметІ күдіктінің сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растады.


Рекомендовать
Последние новости