Әлия Назарбаева ҚТЖ-дағы майшелпегінен айырылды

Көркем Алдабергенова 15 февр. 2024 16:27 6950

"Қазақстан темір жолы" Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшартты бұзды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Назарбаеваның бұл компаниясы электрон темір жол билетін сатумен айналысқан.

"Бүгінде (Әлия Назарбаеваға тиесілі компаниямен) келісімшарт бұзылды", - деді ҚТЖ төрағасы Нұрлан Сауранбаев Сенатты жалпы отырысынан соң.

ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжановтың сөзінше, Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшарт былтыр 1 желтоқсанда бұзылған.

"Қазір конкурстық негізде "Мобильный портал" ЖШС жұмыс істеп жатыр. Олар электронды темір жол билетін сатумен айналысады. Біз оларға сатылған әрбір билет үшін 29 теңге төлейміз", - деді орынбасар.

Әнуар Ахметжанов аталған компания құрамында "Ескі Қазақстанның" ықпалды адамдары жоқ екенін атап өтті.

"Бұл – жеке компания. Оның иесі кім екенін реестрден тексере аласыз. Жаңа компания басшылығында "Ескі Қазақстандағы" танымал фамилиялар жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева 2014 жылдан бері онлайн билет сату арқылы табыс тауып отырған. Яғни әр сатылған билеттен ақша түсіп отырған. ҚТЖ-мен келісімшарт 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Алайда ҚТЖ қаңтар оқиғасынан кейін Әлия Назарбаеваның компаиясымен келісім шартты бұзуға шешім қабылдаған. 

Кейбір деректер бойынша, Назарбаева 9 жылда әр онлайн сатылған билеттен 5,7 миллиард теңге табыс тапқан. 


Рекомендовать
Последние новости