Жапон ғалымдары Алматыдағы жер сілкінісін зерттейді

Сағыныш Сардарова 18 апр. 2024 10:07 2425

Сейсмология саласындағы жапон мамандары Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыға жақында болған жер сілкіністерінің табиғатын зерттеу үшін келеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

16-19 сәуір аралығында Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы семинар өтеді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің сөзінше, сейсмикалық қауіпсіздік бойынша семинарды Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) ұйымдастырады.

"Жапонияның Халықаралық даму агенттігі (JICA), Қазақстанның құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты, табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірлесіп ұйымдастырады", - деді ол ұйымдастырушылар жөнінде.

Жапон ғалымдары Орта Азияның және Кавказ елдерінің өкілдерімен бірлесіп, сейсмикалық қауіпсіздік бойынша өзара тәжірибе алмасады.

"Сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологиялар мен стандарттар туралы пікір алмасып, сейсмикалық құрылыстағы әлеуетті ынтымақтастықты талқылайды.

Сарапшылар Алматы және Ното қалаларындағы соңғы жер сілкінісін зерттейді. Бұл болашақта сейсмикалық тәуекелдің алдын алу стратегиясын әзірлеуге өз септігін тигізеді", - деді Смадияров.

23 қаңтар мен 4 наурызда Алматыда Рихтер шкаласы бойынша бес баллдан асатын жер асты дүмпулері тіркелді.


Рекомендовать
Последние новости