Марқакөлде лай көшкіні опырып кеткен жол қалпына келтірілді – ШҚО

Dalanews 15 апр. 2024 10:30 2982

 Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев су тасқыны кезеңін әуеден бақылау барысында «Теректі – Ұрынхай – Төсқайың» трассасының 13 шақырымындағы жолды қайта келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, 12 сәуір күні «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен.

Азаматтардың қауіпсіздігі барысында аталмыш жол бөлігі жабылып, жедел қайта келтіру жұмыстары басталды.

Кеше аймақ басшысы жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.

Сағат 16:00-де көлік қозғалысы жанданып, жол ашылды.Қазірде облыс әкімінің тапсырмасымен, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, басқа аумақтарда осындай жағдай қайталабас үшін қадағалау жүргізуде.


Рекомендовать
Последние новости