Жаңасемей ауданында жаңа спорт залы ашылды

Ақтоты Жапатова 24 апр. 2025 10:30 213

Жаңасемей ауданына қарасты Новобаженова ауылында заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа спорт залы пайдалануға берілді,– деп хабарлайды Dalanews.kz

Нысан «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Batyr bolamyn» қоғамдық қорының қолдауымен ашылды.

Ашылу рәсіміне «Batyr bolamyn» қорының президенті Еркебұлан Сәнібекұлы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов қатысты. Қонақтар ауыл жұртшылығын жаңа спорттық нысанмен құттықтап, бұл залдың жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Спорт кешенінде күрес, бокс, ауыр атлетика, үстел теннисі сияқты жаттығу түрлеріне арналған құрал-жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар, арнайы жаттығу залы мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости