Жаңаөзенде тағы да ереуіл болды. Енді аштық жарияламақ

Dalanews 04 окт. 2016 12:05 863



Жаңаөзендегі «Бұрғылау» кәсіпорынының кәсіподаққа қысымды тоқтату, жалақыны көтеру және жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылары аштық жариялайтындарын мәлімдеп, қала әкімдігіне арыз тапсырған.





Жұмысшылардың сөздерінше, арызға 150 адам қол қойған. «Бұрғылаудың» жұмысшысы Бекарыс Төлесінов арызды Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбіловтің атына жолдағанын айтады.

KazPetroDrilling компаниясының президенті («Бұрғылаудың» бас акционері) Рахмет Хайруллаев мұнайшылармен кездесу кезінде бірыңғай жалақы жүйесінің айырмашылығын есептеуге уәде берді. Оның сөздеріне қарағанда, қысқартылған жұмыс сағаттары қайта есептеледі, бонус деп аталатын 13-жалақы 2017 жылдың науырызында төленеді.

Жұмысшылардың кәсіподақ төрағасы Сәдуақас Беккалиевті қудалауды тоқтату талабын Хайруллаев облыс прокурорына білдіру қажетін айтты.

«Бұрғылау» компаниясы қазанның 1-де Жаңаөзен қалалық сотына арыз түсірген. Жұмыс беруші арызын қанағаттандырған Жаңаөзен қалалық сотының судьясы М.Жұмаева жұмысшылардың 30 және 1 қазан күні өткізген ереуілдерін заңсыз деп тану туралы шешім шығарған.



Рекомендовать
Последние новости