Аскаров өзін шындық детекторынан өткізуді сұрады

Dalanews 04 окт. 2016 12:02 869



Қырғызстанның Шу облыстық соты 4 қазанда Әзімжан Асқаровтың ісін қарауды бастады. Сот процесі Жазаны орындау мемлекеттік қызметінің тұтқындарды алып жүру департаментінің ғиаратында өтіп жатыр.





Сот залында Асқаров Құранды ұстап ант беріп, өзінің айыбы жоқ екенін айтып, шындық детекторынан өткізуді сұрады.

Ол сонымен бірге Базар-Қорған ауданында болған оқиғаға қатыспағанын айтады. Оның сөздерінше, құқық қорғаушыларда оқиғаны түсірген бейнежазба бар. Соны қарап, өзінің ол жерде болмағанын түсінуге болады дейді.

Сотқа куәгер ретінде қатысқан милиция қызметкерлері болса ол айтқандай бейнетаспа жоқ дейді.

Сот Асқаровтың шындық детекторынан өткізу ұсынысын қабылдамады.

Асқаров Базар-Қорған ауданында адам құқықын қорғау қызметімен айналысты. 2010 жылғы маусым оқиғаларынан соң ол жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, милиция қызметкерін өлтіруге қатысты деген күдікпен ұсталған. Соттың барлық инстанциялары оны өмірлік түрме жазасына кесті.

2016 жылы сәуірде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті қырғыз билігін Асқаровқа тағылған айыптарды жойып, оны босатуға шақырды.



Рекомендовать
Последние новости