"Жан баласын жуытпай, қоршап тастаған". Депутат Үшқоңырдағы былықтың бетін ашты

Dalanews 17 янв. 2024 10:44 1150

Депутат Мақсат Толықбай Үшқоңыр тауын қарулы топ күзетіп тұрғанын айтып, ел білмейтін заңсыздықтардың бетін ашты, - деп хабарлайды Dalanews.

Мәжіліс депутаты өңірге барып, тау етегінде тұратын елмен тілдесіпті.

"Ел аман, жұрт тынышта, "тау-тасты қйыон-қоншына тығып, меншіктеп алыпты" дегенді естідіңіздер ме?! Ендеше айтайын. Үшқоңыр деген таудың барын бәріңіз білесіздер. Талайлардың кіндік қаны тамып, тірлігіне арқау болған сол тау бүгінде сай-сала, қырат-жоталарымен түгел бір азаматтардың ғана меншігінде.

Алматы облысындағы Үшқоңыр үстіртіне барар жолды басынан-аяғына дейін мұздай қаруаланған топ күзетеді. Жол жоқ емес бар. Бірақ жабық", - деді Мақсат Толықбай.


Оның сөзінше, Үшқоңыр тауы заң бойынша Іле Алатауы  паркіне қарайды. Алайда "ДүниеАгро" ЖШС-не 2004 жылы "Үшқоңыр" үстіртінде орналасқан жүздеген гектар жерге меншік құқығы заңсыз берілген.  Өйткені заң талаптары бойынша  (23-бап, 50-бап, 8 және 43-бап) арнайы мақсаттағы жерлерді заңды тұлғалардың жекешелеп алуына құқығы жоқ екен. Тіпті оны бөлуге де болмайды.

Депутат осы маңда тұратын халық малын жая алмай, пұшайман күйде отырғанын айтты.

"Қыратқа кіреберістен 8 шақырым қашықта орналасқан Резиденцияның аумағы ғана қоршалып,  шлагбаум қойылса тағы бір сәрі... Ал, жан баласын жуытпай,  тауды айналдыра қоршап тастау - барып тұрған бассыздық", - дейді Мақсат Толықбай.


Сурет: Сәуле Бикитееваның желідегі парақшасынан

Рекомендовать
Последние новости