Мирзияев Қазақстаннан 40 шақырым жерде АЭС салғалы жатыр

Dalanews 17 янв. 2024 10:44 1332

2018 жылы қыркүйекте Өзбекстан Ресеймен атом электр станциясының құрылысы туралы келісімге қол қойды. Алайда еш ескертусіз қабылданған шешім Өзбекстанға көршілес орналасқан мемлекеттердің алаңдаушылығын тудыруда, - деп жазады Dalanews.kz

Көптің үрейін алған саяси мәселе Орталық Азия мен Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

АЭС Өзбекстан-Қазақстан шекарасынан 40 километр жерде орналасқан Жизақ облысы Тұзқан көлінің маңында салынады деген жоспар бар. Бұл - Айдар-Арнасай көлдер жүйесінің бөлігі. Мұнда стратегиялық маңызды нысан Шардара су қоймасы орын тепкен. Сонымен қатар зауыт үш миллион халықты қамтыған Өзбекстан астанасы Ташкенттен небәрі 140 км қашықта бой көрсетпек.

Сондықтан жоба Орталық Азиядағы экологиялық тепе-теңдік пен инвестициялық ахуалға қауіп төндіріп, аймақтық қауіпсіздік шиеліністерін одан әрі ушықтыруы мүмкін. Қала берді Өзбекстанның Ресейге стратегиялық тұрғыдан тәуелді болу көрсеткіші де артпақ.

Ал сарапшылар мұнда магнитудасы 6,0-6,5-ке дейін, тіпті одан да жоғары жер сілкінісі болады деп дабыл қағуда. Расымен де, Өзбекстанның бірнеше қаласында сейсмикалық белсенділік жоғары. Соның ішінде зауытқа жақын жерде орналасқан Жизақ елді-мекені жер сілкінісіне сезімтал аймақ екенін атап өткен жөн. Рихтер шкаласы бойынша бұл жерде 9 баллдық апат болуы мүмкін.


Кейбір сарапшылар Өзбекстанда ядролық апат болған жағдайда радиоактивті шығындар суды ластап, қазақ жазығына қарай ағатынын айтады.

Ал қазақстандық эколог Тимур Елеусізов те көпшіліктің алаңдаушылығын жеткізді. Оның айтуынша, апат су көздерінің ластануына әкеледі.

“Таңдалған АЭС аймағында сейсмологиялық белсенділік жоғары болғандықтан, көптеген сұрақ туындайды. Келешекте төнуі мүмкін апатқа немесе басқа да іс-әрекеттерге кім жауапкершілік алады? Мысалы, үлкен дүмпу болған жағдайда өзендер мен көлдер, оның ішінде жер асты ағындары улы заттармен ластанады” - дейді, эколог.  


Осы тұста, Қазақстан атом энергетикасы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді жоспарлап жатыр. Алайда Өзбекстан бұл шешімге байланысты қоғамдық талқылаудан бас тартып отыр.

Зауыт жобасы белсенді жұмысын бастаған сәтте экологиялық мәселелерге, әсіресе, реакторларды салқындату үшін маңызды болып табылатын Айдар-Арнасай көлдер жүйесіндегі су деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Елеусізов аймақтағы судың тапшылығына баса назар аударып, су мәселесі энергетикалық қажеттіліктерге көлеңке түсіріп, жобаны қайта қарауды қажет екенін жеткізді.

Орталық Азия мемлекеттері “бірлік пен бейбітшілік” ұстанымын қолдап келеді. Алайда Өзбекстанның ядролық нысан салудағы ұмтылысы - әлі де жұмбақ.


Рекомендовать
Последние новости