Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, кейбір азаматтар мемлекеттен қосымша әлеуметтік төлем алу үшін жалған келісімдер жасап, тіпті ресми түрде ажырасуға дейін баратын жағдайлар кездеседі. Сол себепті әлеуметтік төлем алушыларды тексеру тетіктері күшейтілмек, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Әлеуметтік көмек нақты мұқтаж жандарға бағытталуы тиіс. Өкінішке қарай, оны теріс пайдаланатындар бар. Жалған мәмілелер жасайтындар, тіпті жалған ажырасатындар да аз емес", — деді Біржанов.
Оның сөзінше, мұндай жағдайлар анықталған кезде төлемдер тоқтатылып, қаржы шынымен әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға қайта бағытталады.
Сонымен қатар 2026 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға 10,5 трлн теңге бөлінуі жоспарланып отыр.
