"Жағдай нашар...". Мәмин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

Dalanews 03 авг. 2021 05:10 868

Премьер-министр Асқар Мамин індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты әкімдер мен министрлерге тапсырма берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген.

3 тамыздағы жағдай бойынша ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толды", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол пандемиядан шығудың жалғыз жолы вакциналау екенін тағы бір мәрте қайталады.

Айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 5,5 миллиондай адам вакцинаның бірінші компонентін және 4 миллионға жуығы екінші компонентін алған.


"Бұл жұмысты жалғастыру қажет", - деді премьер.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Ashyq жобасы бизнеске карантин жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отырғанын еске салды.

"Өңір әкімдері мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық ауруханалардың, бастапқы пункттердің, мобильді бригадалар мен ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын қамтамасыз етсін.

Сондай-ақ, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері мониторинг топтарының санитарлық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын бақылау және анықтау бойынша жұмысын күшейтсін", - деді А. Мамин.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды баян етті.

"Жұқпалы ауруханалардағы ең көп науқас Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, жансақтау бөліміндегі науқастар Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында көп тіркелген", - деді министр.

 

Рекомендовать
Последние новости