Жұмыстан қуылған шендіні қызметке қайта тағайындаған Сапарбаевқа сөгіс берілді

Dalanews 03 авг. 2021 04:35 840

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс берілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қайрат Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді» делінген хабарламада.

Айта кетелік кетейік, күні кеше ғана Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен Қайрат Досаев Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған.

...

2019 жылы Таразда 7-сынып оқушысын мектеп аумағындағы дәретханада зорлап кеткен.

Мектеп ішіндегі әжетхана дұрыс жұмыс істемеген және білім ошағының аумағында бір сағат бойы жүрген бөтен адамға ешкім назар аудармаған.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полицияның мәліметінше, ол 19 жыл бұрын әйел зорлағаны үшін төрт жыл түрмеде отырып шыққан.

Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті.

Бірнеше күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды.     

Қайрат Досаевтың өмірбаяны


Қайрат Досаев 1965 жылы туған, білімі жоғары. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені ауыл шаруашылық институтын "инженер-механик", Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін "экономист" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы ғылыми-өндірістік бірлестіктің инженері болып бастаған.

Әр жылдары "Алтын диірмен" АҚ инженері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының төтенше жағдайлар бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі, төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәселестікті қорғау басқармасының басшысы, Алматы облысының тарифтер басқармасының басшысы, төтенше жағдайлар министрінің көмекшісі, "Мекен" ЖШС директоры, "2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" акционерлік қоғамы Алматы филиалының директоры, вице-президенті, департамент директоры, "Казспортинвест" АҚ вице-президенті лауазымдарында еңбек етті.

Сондай-ақ, 2014-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі, 2017-2019 жылдары Шу ауданының әкімі, 2019 жылы Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы ретінде жұмыс істеп келді.

 

Рекомендовать
Последние новости