Істiң сәтi ­өз уақыты немесе 24 бизнес карантинге қалай төтеп берді

Dalanews 07 авг. 2020 09:34 720

"Нағыз қажет кезде келді" деп жататын оқиғалар туралы жиі естиміз. Umay Boost кәсіпкер әйелдерге арналған трансформациялық бағдарлама жайлы оның қатысушылары осылай дейді. 

Umay Boost бағдарламасының үшінші ағынының түлектерінің асығы алшасынан түсті. Бизнесті тығырыққа тіреген коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде олар орасан зор пайдалы ақпараттар алып, заманауи бизнес-құралдар мен коучингтік техникаларды игерді.

Біреулері 100% табысын жоғалтып, өз жобаларын қайта жандандыру жолдарын іздесе, енді біреулер үшін карантин бұрын қолы тимей жүрген жаңа қызметтер мен цифрлауды іске қосуға себеп болды. Ал кейбіреулердің тіпті жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатты, бұл осындай кезеңде тым орынды болып көрінгенімен, ол бизнес процестерді ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді және күш-қуатын барынша жұмсауды талап етті.

Бағдарламаның өзіңді көшбасшылықта тануға арналған бірінші модулі оффлайн өткізілді. Бұл туралы психолог, бизнес-консультант Кристина Белавич: «Бұл бейне бір көріпкелдік кезеңі болды», - дейді.

«Біз ой-өрісті кеңейту, өзгеру және артқа бұрылмай, болашаққа қалай қарауға болатындығы жайлы көп әңгімелестік. Алдағы болашақты айқын көре алатын бизнестегі қыз-келіншектердің осы таңғажайып тобымен жұмыс істеу мен үшін бір ғанибет болды!», – деп сарапшы өз ойымен бөліседі.


IT-шешімдерді меңгеру бойынша екінші модульде бизнес-ойлану шекараларын кеңейту кезінде бизнес-консультант Ләйлә Ұзақова оқытуды онлайн режимге ауыстыру тек қатысушылар үшін ғана емес, сондай-ақ спикерлер мен ұйымдастырушылар үшін де байыпты сын-тегеурін болғандығын айтты: «Алайда барлығы шұғыл қайта бағытталып, осы «қара аққуды» лайықты қарсы ала алды. Бұл жағдай көпшілігіне бизнесті ауқымдауға көмектесе отырып, жуыр болашақта өзекті болатын қашықтықтан өзара әрекеттесу дағдыларын меңгеріп, нығайтуға көмектесті».

Бизнестің ақша ағындарын құрылымдау, сонымен қатар оларды толық жоспарлау мен бақылау тәсілдеріне үйреткен қаржылық жоспарлау блогы қатысушыларға көптеген инсайттар алып келді. «Мен бір айға, бір жыл бұрын кэш-флоуды алдын ала жоспарлауға және онлайн бизнес жұмысының жаңа жолдарын іздеуге болатындығын түсіндірдім», – деп бөлісті  модуль жаттықтырушысы Гүлнәр Әмірғали. Оның пікірінше, кәсіпкер әйелдер тиімсіз шығыстарды айқындай және негізгі көрсеткіштерді жоспарлай отырып, басқарушылық есеп пен талдау жүргізу маңыздылығын ұғынды, өйткені бұл бизнес тиімділігін арттыру тәсілдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Практикалық бизнес-білімдерден басқа Umay Boost бағдарламасында коучингтік консультациялар түріндегі жеке тұлға дамуына үлкен назар аударылды. Әсіресе тек бизнес үшін ғана емес, сондай-ақ отбасы мен бала-шағасы үшін жауапты әйел адамдар үшін алға қойған мақсаттарын ұғына отырып, ресурста болу өте маңызды.


«Жоба қатысушыларының коучы ретінде оларды сүйемелдеу маған үлкен ләззат алып келді. Олардың адал ниеттілігі, батылдығы, жеке басын дамыту бойынша жұмыс істей отырып, өз бизнестерін жаңа деңгейге көтеру үшін, оны жақсарту мен ауқымдауға деген ынтасы мені тәнті қылды. Олардың тамаша жетістіктері олардың тек кәсіпкерліктегі ғана емес, сондай-ақ жалпы өмірдегі көшбасшылығын көрсетеді», – деп шабыттана әңгімелейді жоба жұмысына коучингтің озық білімдерін қосқан Шолпан Асанғалиева.

Жоба қатысушысы Сания Ирсалиева Umay Boost бағдарламасын Қазақстандағы бизнестегі әйелдерге арналған үздік бағдарламалардың бірі деп атады: «Бұл ерекше бағдарлама. Ұйымдастырушылар оған өздерінің бірегей білімдерімен қатар, жан-тәнін салатындығы сезіліп тұр. Оларда біз жеке трансформация арқылы өз кәсіби дағдыларымызды дамытып, қоғамдағы өзгерістерге дайын болуымыз және жаңа шыңдарға жету үшін, бізбен құнды білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісетін керемет бизнес-сарапшыларды тауып, оларды осы жобаға біріктіріп, тарту дарыны бар».

Қатысушылардың барлығы керемет жаттықтырушыларды ғана емес, сондай-ақ қоғамдастықтың өзінің ғажайып бір күшін байқағандығын айтты. «Біз экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейміз, бізде әртүрлі бизнес-модельдер мен өнімдер бар. Біздің ортақ ұқсастығымыз, бұл – біздің барлығымыздың үлкен ауқымды қалайтындығымызда және жеке тұлға ретінде өзгерумен қатар, бизнесті дамыта және бірегей жобалар жасай отырып, жұмыс істеуге дайындығымызда. Мұндай ортада әлемде мүмкін емес нәрсе болмайтындығын түсінесің!», – деп өз сезімімен бөлісті «умай» қатысушыларының бірі Наиля Чередниченко.

Бизнесі карантиннің бірінші толқынынан шығынсыз өткен Бахытжамал Сыздықованың «Мүмкіндігің жеткенінше ала кет!» деген сөздерін  Umay Boost үшінші ағынының ұраны етуге болады. Бұл жерде ол әрбір қатысушы меңгере және өз жобасын дамыту үшін пайдалана алатын құнды білімдер жайлы айтып отыр.

Umay Boost – бизнестегі көшбасшы әйелдерге арналған трансформациялық бағдарлама, ол Қазақстандағы демеушісі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асырылуда. Жоба ұйымдастырушылары MamaSpace жеке қоры және Pipl нетворкинг-бюросы болып табылады.

Бағдарламаның үшінші ағынына Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 24 бизнес-леди қатысты, олар хендмейд-әшекейлерінен бастап, құрылыс материалдары өндірісі мен сатылымына дейінгі әртүрлі бизнес-салалардың өкілдері болып табылады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости