ШҚО-ға Жапониядан СOVID-19 қарсы «Авифавир» препараты жеткізілді

Dalanews 06 авг. 2020 11:06 738

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Шығыс Қазақстан облысына аймақтағы СOVID-19-бен күресуге бағытталған «Авифавир» дәрілік препаратының 176 қаптамасын жіберді.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына келіп түскен дәрілік заттарды қабылдау және бөлудің негізділігін бақылау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мониторингті Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция және парасаттылық басқармасы мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылды.

Коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмекті «Самұрық-Қазына» қоры «Ресейдің тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-дан сатып алды. «Фавипиравир» негізіндегі «Авифавир» - әлемде коронавирусқа қарсы тіркелген екі дәрі-дәрмектің бірі. Препаратты стационарлық медициналық көмек жағдайында ғана қолдануға болады. Препарат Жапонияда кеңінен танымал. Ол 2014 жылдан бастап тұмаудың ауыр түрлерін емдеу үшін қолданылады.


Рекомендовать
Последние новости