«Forte-грант» -  ҚазЭУ-дегі дарынды студенттер үшін

Dalanews 03 дек. 2014 05:26 1080

[caption id="attachment_8445" align="alignleft" width="383"]DSC_0205 Байқау жеңімпаздарын марапаттау сәті[/caption]

  «ForteBank» АҚ-ы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің дарынды студенттері үшін білім гранттарын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын анықтады.

Конкурс еліміздің жетекші экономикалық жоғарғы оқу орны саналатын Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті «Қаржы» мамандығының 4 курс студенттері үшін қыркүйек айында жарияланған болатын.

Үміткер студенттердің академиялық білімдері, уәждемесі және көшбасшылық қабілеттерінің болуы, шет тілдерін меңгеруі, спорттық жетістіктері және ғылыми және қоғамдық қызметтеріндегі жетістіктері комиссия бағалауынан өткен, сондай-ақ, Банк өкілімен ауызша сұхбаттасу жүргізілген конкурстың екі сатысының қорытындысы бойынша «ForteBank» АҚ-ның басшылығы ҚазЭУ-дің екі студенті - Жалғас Тойбазар және Эрик Оганджанянға гранттар тағайындау туралы шешім қабылдады.

Бұл студенттерге 2014-2015 оқу жылына оқу ақысын төлеу үшін ақшалай қаражат бөлінді. Сондай-ақ, «Forte-грантын» жеңіп алған студенттерге өндірістік және/немесе диплом алды іс-тәжірибеден өз қабырғасында өтуіне Банк кепілдік береді. 2014 жылдың 25 тамызында өткен Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Ғылыми Кеңесінің отырысында университет ректоры, профессор С.А. Святов «Forte-грантының» жеңімпаз студенттеріне «ForteBank» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Г.Бисембиеваның атаулы хатын табыстап, университет ұжымының атынан құттықтап, алдағы уақытта табысты оқуда және биік жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.
Дерек пен дәйек

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті – ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары рейтінгісі аясында бакалавриат мамандықтарының рейтінгісінде-2014 «Экономика және бизнес» бағыты бойынша көшбасшы орынға ие. Университет жұмыс беруші компаниялардың түлектер құзыреттілігін бағалауы бойынша Қазақстан ЖОО рейтінгісінде екінші орынды иеленіп, БСҚТҚА рейтінгісі бойынша гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында үздік үштігіне кіреді, білім беру бағдарламаларының ұлттық және халықаралық аккредитациясын, ҚР ЖОО Ассоциациясының А.Байтұрсынов атындағы орденін иеленді.

2007 жылы құрылған ForteBank ШжОБ компанияларына және корпоративті клиенттерге бірінші санаттағы қаржылық қызметтер ұсынады. 2012 жылы жүргізілген ребрендингтен кейін ол қазақстандық бизнеске назар аударылған даму стратегиясына өзгертті.  ForteBank клиенттермен әріптестік принципінде жұмыс жасайды, өзінің әрбір клиентінің есімін, оның бизнесі мен қажеттіліктерін біледі. Банктің жоғары білікті командасы өз клиенттеріне дұрыс өнім таңдауға және олар үшін қаржы кеңесшісі болуға мүмкіндік беретін қазақстандық, сол сияқты шетел нарығында жұмыс істеуде мол тәжірибеге ие. Банктің Қазақстанның облыс орталықтарында және ірі қалаларында 16 филиалдарынан тұратын қызмет көрсетудің бірегей тармақталған желісі бар.

 


Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің  Қоғаммен байланыс және 


ішкі коммуникациялар бөлімі


 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости