Хандық биліктен Президенттік институтқа дейін

Dalanews 03 дек. 2014 06:52 943

Алматыда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен «Мемлекет басы институты: хандық биліктен Президенттік институтқа дейінгі» атты республикалық ғылыми –тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға С.С. Сартаев, С.Н. Сабикенов, З.Ж. Кенжалиев, Ж.С. Әлдибеков, З.К. Аюпова, А.С. Ибраева, Ш.М. Шарипов, Э.Э. Дүйсенов, Б.Ж. Қуандықов, С.М. Борбасов, Т. Омарбеков, Л. Асқар және т.б. белгілі ғалымдар қатысты.
Басқосуға жиналған қонақтар еліміздегі мемлекеттіліктің бастауы ежелгі хандық биліктен тартатындығын ортаға сала отыра, 1990 жылдардың басынан елімізде енгізілген Президенттік институттың мемлекеттілігімізді дамытудағы тарихи миссиясын сөз етіп, Президент институтының қазіргі кезеңде өте қажеттілік екендігіне баса көңіл бөлді.
Жиында баяндама жасаған академик Сұлтан Сартаев: «Қазіргі кезеңде елімізді айналып өтпейтін әлемдік экономикалық тұрақсыздықтың белең алар тұсында, күшті Президенттік биліктің мемлекеттілікті тұрақты дамытуда үлкен роль атқарады»,–деп, Елбасының мұрындық болуымен үлкен ұлттық идеяға айналып отырған «Мәңгілік ел» концепциясының философиялық –құқықтық, тарихи аспектілері терең талдап берді.

Рекомендовать
Последние новости