Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі: Қалмұрза Қазақстан құрамасы сапында

Сағыныш Сардарова 03 нояб. 2025 15:10

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласы "Қайрат" футбол клубының базасында өтіп жатыр. Құрама сапына 36 ойыншы кірді.

Қақпашылар қатарында Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе"), Мадияр Төлеубек (Ertis), Махмуджан Сұңғатуллин ("Жас Қыран") бар.

Қарашада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы ойындарды бастайды. Матчтар Нидерландта өтеді. 


Рекомендовать
Последние новости