АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған “Томагавк” қанатты зымырандарын беру мәселесін қарастырмайды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Трамп қазіргі кезеңде Украинаға “Томагавк” зымырандарын беру мүмкіндігі қарастырылмайтынын растады.
Ақ үй басшысы бұл туралы 2 қараша, жексенбі күні Air Force One ұшағында журналистің сұрағына жауап беру кезінде айтты.
“Жоқ, шын мәнінде, жоқ”, - деді Ақ үй басшысы осындай жеткізілімдердің ықтималдығына қатысты сұраққа жауап беріп.
Еске салайық, бұған дейін Трамп Киев сұраған алыс қашықтықтағы “Томагавк” зымырандарын беруге әлі дайын емес екенін мәлімдеген еді. НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесу кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген ол, украиналықтарға бұл зымырандарды меңгеру үшін кем дегенде алты ай қажет болатынын атап өткен.
