Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне маңызды тапсырма берді.
"Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуға тиіс. Бұл - ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.Тізімде қай өңірлер бар?
- Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар жөніндегі жоспардың орындалуы 42,8% болған.
- Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталып отыр: НКИ бойынша көрсеткіш - 61,5%. Өңірге орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды.
- Абай облысында НКИ бойынша көрсеткіш - 70,4% және ТШИ бойынша көрсеткіш -26,2%. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кешіктірілуге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыруда түйткілді мәселелер туындап отыр.
