"Еуразия" кинофестивалі шымылдық түрді

Dalanews 26 сент. 2015 00:28 1090

Алматыда 19-25-ші қыркүйек аралығында ХІ  халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Аталмыш фестивальде 10 фильмнің тұсауы кесіледі деп жоспарланып отыр.


ХІ  халықаралық «Еуразия» кинофестивалі «Ұлы Жібек жолы: Шығыс пен Батыс мәдениетінің байланысы» деген тақырыппен өтеді. Бұл фестивальдің басты мақсаты – Алматыда әр елдің кино мамандарының басын қосып, кинематографияның келешегін айқындау.


Ал биылғы жылы кинофестивальдің байқауына Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі, Яннис Веслемес «Норвегия», қырғызстандық режиссер Мирлан Абдықалықовтың «Көктегі қоныс», Дениз Гамзе Эргювен «Мустанг», үнділік режиссер Адитья Викрам Сенгуптаның «Сүйікті іс», Эльчин Мусаоглу «Набат», Нима Джавиди «Мельбурн», Саломэ Алекси «Кредитті лимит», Хадиджа аль-Салями Йемен «Я Ноджюм, мне 10 и я разведена», ресейлік режиссер Ирина Евтееваның «Арвентур» фильмдері қатысады.


 «Еуразия» халықаралық кинофестивалінде балалар мен жасөспірімдерге  арналған көркем, деректі және қысқаметражды фильмдер көрсетілетін болады. Ал «Шәкен  жұлдыздары» фестивалінде Орталық Азия кино бағдарламасы ұсынылады.  Сондай-ақ, байқауда тұңғыш рет келушілер саны бойынша есеп  жүргізілмек. Екі кинофестивальде де «Ең үздік ойын фильмі», «Ең үздік  режиссерлік жұмыс», «Ең үздік ер адам рөлі», «Ең үздік әйел адам рөлі»  және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады.


Рекомендовать
Последние новости