Ерте диагностикалау – өміріңізді ұзартады!

Dalanews 20 сент. 2022 09:27 769

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша сүт безі қатерлі ісігі дүние жүзінде әйелдер өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады.        1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күнін белгіледі, ол жыл сайын 15 қазанда өтеді.

- Жыл сайын әлемде сүт безі қатерлі ісікпен 2 300 000 жайт анықталған.

- Өлім-жітім - 685 000 жағдай

- Ауру қарқынды дамып келеді: көбінесе ол 40 жасқа дейінгі адамдарда кездеседі.

- Әр 8-әйелдің бірі  өмірінде сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу қаупі бар.

Алматы қаласында 6635 әйел сүт безі қатерлі ісік диагнозымен есепте тұр.

Статистикаға сәйкес, қалада жыл сайын 700-ге жуық сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер анықталады, яғни бұл патологиямен қалада күнделікті 2 әйел ауырады.

2021 жылы Аламты қаласында сүт безі қатерлі ісігінен 192 әйел қайтыс болды, оның 50 пайызы еңбекке қабілетті жастағылар.       Сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары: тұқым қуалаушылық (анасында, апаларында аурудың болуы), жаман әдеттер (алкогольді қабылдау, темекі шегу), гормоналды теңгерімсіздік (емшек емізуден бас тарту, эндокриндік аурулар, гормоналды контрацептивтерді бақылаусыз қолдану) және т.б.

Қатерлі ісіктерді ерте анықтауда маңызды рөл атқарады:

- сүт безін үнемі өзін-өзі тексеру;

- емханада маммологтың жыл сайынғы профилактикалық тексеруі;

- 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін 2 жылда бір рет маммографиядан өту;

Уақытылы емдеу-сіздің сұлулығыңызды, денсаулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтаудың кілті болып табылады!      Дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес күні аясында Алматы онкология орталығында 2022 жылдың 1 қазанынан бастап әр сенбі сайын (1,8,15,22,29) сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша Ашық есік күндерін өткізеді.

Рекомендовать
Последние новости