«Ағылшындардан ұят болады». Чарльзды Карл деп шатаспайық!

Dalanews 20 сент. 2022 08:55 818

Күні кеше ғана Ұлыбритания корольі атанған Чарльз ІІІ-ті қазақ тілді басылымдар орыстардың жазғанына сүйеніп, Карл III деп атап жүр.

Орыстар Карл ІII деп атаса оған тарихи себебі бар. Ал қазақтардың таққа отырған монархты Чарльз ІІІ деп атауы үлкен қателік.

Өйткені біз орыстың бодауындағы ел емеспіз. Бәрі осындай қарапайым дүниелерден басталатынын ұмытпайық. Әрбір сөзімізге мұқият болайық!

Президент Тоқаев жаңа монархты таққа отыру рәсімімен құттықтап жолдаған жеделхатында Чарльз ІІІ деп атағанын басшылыққа алуымыз керек.

Бүгінде біздер Бейжіңді орысша Пекин демейміз ғой. Сол сияқты Чарльзді Карл деп орысша бұзып айтуымыз әбестік болады. Мұны ағылшындар естісе "мына байқұс қазақтар әлі күнге дейін орыстың боданы екен" деп айтуы мүмкін. Айтпаған күннің өзінде де солай ойлайтыны анық.

Соныдқтан бұған сақ болайық!

https://dalanews.kz/del-qazir/81320-qazaqstan-qytay-qatynasy-tauar-aynal

https://dalanews.kz/news/81400-biznesimdi-inime-tapsyrdym-tarazd

 

https://dalanews.kz/news/81395-v-kazakhstane-utverdili-7-letniy-prezid

Рекомендовать
Последние новости