Ералы Сартбаев: «Nur Otan сөздің емес, істің партиясы»

Dalanews 12 дек. 2020 11:29 848

Бүгін Түлкібас ауданында «Nur Otan» аудандық партия филиалында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, жеке кәсіпкер, «Мақұлбек» ЖШС төрағасы Ералы Сартбаевтың қатысуымен сайлауалды үгіт-насихат шарасы өтті.

Ералы Мақұлбекұлы шараға қатысқан аудан тұрғындары мен жастарға «Nur Otan» партиясының 20 жылдан астам жасаған істеріне куә болғанын, сөздің емес, істің партиясы екенін әңгімелеп берді.  Тәуелсіздік алып, бейбітшілік пен тыныштық орнаған жылдарда елімізде елеулі істер қолға алынып, айтарлықтай жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Үміткер шаруа қожалығын құру арқылы бірнеше адамды жұмыспен қамтып қана қоймай, аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмегін аяған емес. Жиын соңында партия белсендісі алдағы саяси науқанға халықты белсенді түрде қатысуғ ашақырды.



 

 

Мақала ақысы Nur Otan партиясының Түркістан облысы, Түлкібас ауданы филиаланың  сайлау қоры қаражатынан төленді

Рекомендовать
Последние новости