Еңбек қатынастарын реттейтін құжат

Dalanews 17 нояб. 2017 04:44 1434

Жуық арада әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі жаңа келісімге қол қойылады. Құжатқа үшжақты келісім негізінде –Үкімет, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде қол қойылады. 

Бұл құжат әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу принциптеріне негізделген. Сонымен бірге, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және адам капиталындағы инвестицияларды арттыруға сеп болады.

Құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде талқыланды. Жұмыс тобының отырысына Ұлттық экономика, Қаржы, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму, Ауылшаруашылығы министрліктерінің мамандары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Kazenergy» қауымдастығы, жұмыс берушілер конфедерациясы, Кәсіподақтар федерациясы, ірі жұмыс берушілер мен кәсіподақтардан келген өкілдер қатысты.

Еске сала кетейік мұның алдындағы құжатқа 2014 жылы қол қойылған болатын. Ал осы жолғы келісімнің мақсаты – оған қатысушылардың өзара іс-қимылын тиімді реттеу арқылы лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Құжат тиімді жұмыспен қамту және адам капиталын дамыту, еңбек өнімділігі мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік саясат, еңбек қорғау және әлеуметтік серіктестікті дамыту мәселелерін қарайды. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру секілді еңбек қатынастарының аспектілерін қарастырады.

Жұмыс тобына қатысқандар өз ұсыныстарын Келісімнің жаңа редакциясына жолдады. Бұл – кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту, кадрларды сертификаттауды  қалыптастыру, кәсіби ұтқырлықты дамыту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру және тағы басқа мәселелер бойынша міндеттемелердің пакеті болып табылады.

Келісімнің соңғы нұсқасына қол қою 2017 жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Бұл келісім 2018 -2020 жылдар аралығын қамтымақ.

Рекомендовать
Последние новости