Елімізде жеке тұрғын үй иелеріне күн батареяларын қолдану арқылы ақша табуларына болады

Кәмшат Тілеухан 26 июн. 2025 09:30

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жеке үйлердің иелері күн батареяларынан ақша табуына болатынын айтады. Алайда олар бұл туралы әлі көп біле бермейді немесе оған деген қатты қызығушылығы жоқ. Өйткені мұндай тәсілді қолданушылар елімізде әлі аз екен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Вице-министр Қазақстандағы жеке үйлердің тұрғындары мен кәсіпкерлер шатырға немесе жер учаскесіне күн батареяларын орната алатынын жеткізді.

"Өткен жылы біз заңнаманы жаңарттық. Қарапайым тілмен айтқанда: жеке үйдің тұрғыны шатырына 200 киловаттық күн батареясын орната алады. Оның 100-ін өзі тұтынып, ал қалған 100-ін желіге сата алады және энергия тасымалдаушы компания оны осы саладағы орташа тариф бойынша сатып алуға міндетті. Бұл өте тиімді тетік", - деді Сұңғат Есімханов.
Ол жеке үйлерде орнатылған осындай батареялар саны әлі аз екенін айтады. Мұнымен шағын бизнес өкілдері әлдеқайда белсенді айналысады. Өткен жылы халық пен шағын бизнестің орнатқан күн панельдерінің қуаты екі еседен астамға өсті. Билік әкімдіктердің көмегімен осындай қолдауды одан әрі дамытып, кеңейтуді жоспарлап отыр.

2024 жылдың соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанда жалпы қуаты 3 032 МВт болатын 153 ЖЭК объектісі жұмыс істейді, бұл елдегі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 6,43%-ын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. 

 


Рекомендовать
Последние новости