Түркістандағы «Найман» каналының 18 шақырымы бетондалды

Ақтоты Жапатова 24 июн. 2025 17:03

«Қазсушардың» Түркістандағы филиалы «Найман» каналының 18 шақырымын бетондады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Нысан бойында 42 су өткізу шлюзі мен 6 су тоспасы орнатылды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар өзен үстінен өтетін акведук те жоспарға енгізілді.

«Найман» каналының жалпы ұзындығы – 29 шақырым. Бұл нысан 650 гектар егістік алқабын суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бұрын бұл шағын арық қана болатын, қазір бүкіл өңір үшін маңызды гидротехникалық нысанға айналды. Каналды бетонмен қаптау суармалы судың шығынын азайтып, оны тиімді пайдалануға жол ашады»,– деді «Қазсушардың» Түркістан облысындағы филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Рекомендовать
Последние новости