Елімізде алтын, күміс, цинк кен орындары аукционға шығарылғалы жатыр

Кәмшат Тілеухан 18 нояб. 2024 09:34 1341

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрамында қатты пайдалы қазбалардың (алтын, күміс, қорғасын, мырыш жәнет.б.) өнеркәсіптік санаттарының қорлары бар 26 кен орны бойынша электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Ол 2025 жылғы 29 қаңтарда e-qazyna.kz порталында өткізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аукционға қатысу үшін 2024 жылғы 15 қарашадан 2025 жылғы 15 қаңтар аралығында "minerals.e-qazyna.kz" ЖҚПБП арқылы өтініш жолдау керек болады.

Аукционды өткізу туралы хабарламада жер қойнауын пайдаланушының қосымша міндеттемелері де көрсетілген:

  • өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жарналар сомасын белгілеу жылдық жиынтық табыстың кемінде 1 (бір) пайызы, ұлғаю жағына қарай жылдық жиынтық табыс түзетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыс түзетілгеннен кейін 2 (екі) ай ішінде ұлғайған жылдық жиынтық табысқа сәйкес жарна сомасына қосымша ақы төлеуді жүргізеді. Жылдық жиынтық табысты азайтуға түзеткен жағдайда төленген жарна сомасы түзетілмейді.
  • кен орны елді мекеннің буферлік аймақтарында орналасқан жағдайда қатты пайдалы қазбаларды жерасты тәсілімен өндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Масальское, Далабай, Мынарал, Коптас Солтүстік, Оңтүстік Приишим алаңының Әулиесі, Сугатовское, Батыс Қамыс, Солтүстік Акпан, Талдыкөл (Шығыс учаскесі), 1-ші Дубовская шахтасының далалық учаскесі, Есымжал (Даулетбай) кен орындары бойынша алдыңғы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою;
  • 1-ші Дубовская шахтасының далалық учаскесі және Талдыкөл (Шығыс учаскесі) кен орындары бойынша 5 жыл ішінде кен орнында терең өңдеу және байыту процестерін енгізу есебінен көмірден жоғары қайта бөлу (көмір химиясы) өнімін алу;
  • Масальское, Бурабай-Жалгызагаш және Каратас 1 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2022 жылғы 30 мамырдағы №306 бұйрығымен бекітілген Басым тауарлар тізбесіне сәйкес орташа деңгейден төмен емес) немесе кен орындары бойынша 5 жыл ішінде ҚР аумағында зауыт салу.

 


Рекомендовать
Последние новости