Онлайн-несие бойынша алаяқтыққа жол бермеу: Енді телефоныңызға код келетін болады

Кәмшат Тілеухан 14 нояб. 2024 09:41 1262

Екінші деңгейдегі банктер онлайн-несиені тіркеу кезінде тұтынушыға бір реттік қод жолдайтын болады. Реттеуші орган алаяқтардың жолын кесу мақсатында онлайн қарыз алушыны тексерудің екі факторлық шарасын қолдануды ұсынуда, деп хабарлайды Dalanews.kz

ҚНРДА "ҚР-дың кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" аталған агенттік басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Құжат алаяқтық тәуекелдерді басқару бөлігіндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында әзірленді.

Банктер арасында алаяқтық тәуекелдерін басқарудың ортақ тәжірибесін белгілеу мақсатында антифрод-бөлімшесінің функциясы көзделіп отыр, ол алаяқтыққа қарсы іс-қимыл процестерінің жұмысын және үздіксіз жақсаруын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығына деректер беру үшін банктің антифрод-жүйесіндегі күдікті операцияларды қоса алғанда, алаяқтық операциялар бойынша дерекқорды жүргізуді қамтамасыз ететін болады.

"Қаулы жобасында банктен онлайн несие алу кезінде биометриядан басқа клиенттің мобильді құрылғысына бір реттік код жіберу бойынша қосымша фактор енгізу арқылы клиенттерді сәйкестендіру талаптарын күшейту ұсынылады. Бұған қоса мобильді қосымшада шағым түсіру, оның ішінде алаяқтыққа қатысты шағым жолдау мүмкіндігі қарастырылған".

Сондай-ақ қаулы жобасына "дроппер" ұғымы енгізілмек, банктің дропперлерге қашықтан қызмет көрсетуін доғара тұру және оны қайта іске қосу тәртібі реттеледі.

Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталынан және агенттік сайтындағы "Нормативтік құқықтық база" бөлімінен танысуға болады.


Рекомендовать
Последние новости