Елдің игілігін көздеген Үндеу

Dalanews 11 апр. 2018 10:25 914

Таяуда жаряланған «Президент­тің бес әлеумет­тік бастамасы» үндеуі әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүм­кіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмыс­шылардың еңбекақысын көбейту үшін олар­дың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақ­ханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газ­бен қамтамасыз ету ісін жал­ғастыру жөнін­дегі бастамаларын қамтыды. 



Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеу­меттік бастамалары қоға­мымыздың әлеуметтік бірлігін нығайту мен әрбір қазақ­стандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғаны әр сала мамандары үшін жан-жақты зерделенген маңызды құжат деп білеміз. Осы бастамаларды жүзеге асыру бағытында халық болып ауқымды қадам жасауға дайын болуымыз керек.

Бес бастаманың өзектілігімен, стратегиялық сипатымен ерекшеленген үшінші бастама ­­– «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту». Бұл бастама еліміздегі Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада үлкен сұранысқа ие болатын ақпараттық технологиялар, робототехника, нано-технология салалардағы жоғары білікті мамандарды даярлауға барлық жағдай жасауға бағытталған. Ел болашағын жетілдіретін білім саласына деген Президентіміздің қолдауы мен қамқорлығы жастарға, оларға білім нәрімен қамтып отырған ұстаздарға талпыныс береді.Бүгінгі таңда заманауи ғылым тілі – ағылшын тілі екендігін ескере отырып, үштілділік мәселесінде қолға алып отыр. Сондықтан мектеп ұстаздары мен оқушылардың тіл мең­геруі – ке­зек күттірмейтін уақыт талабы.

Мұғалімдердің елеулі еңбегіне лайықты баға беріп, біліктілігін жетілдіру арқылы мәртебесін көтеріп отырса, келешек ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп ойлаймын. Осындай ауқымды міндеттерді алға қойып отырған Елбасының Үндеуін мұға­лімнің мәртебесін көтерудегі, ел әл-ахуалын жақсарту мен қоғамды қолдаудағы нақты қадам деп санаймын.

Бибігүл ҚАСБАҚОВА,  №141 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі  жөніндегі орынбасары.

Алматы қаласы.

 

Рекомендовать
Последние новости