Оңтүстікте үшем дүниеге келді

Dalanews 09 апр. 2018 07:44 1208

Оңтүстікте өмірге тағы да үшем келді! №4 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері 2 келідей салмақпен туылған сәбилерді күтіп, баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Үш ұл баланың анасы – Қарлығаш Қабылова наурыздың 28-і күні ота жасалған. Маниевтер әулетінде дүниеге келген үш атұстарға ата-әжелері ырымдап Мүслім, Ислам және Имран деген ат қойған екен.



Бұл 25 жастағы Мақтаарал ауданының тұрғынының үшінші рет құрсақ көтеруі. Ұл мен қыздың анасы бес баласы болатынын жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 35 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Осылайша бөбектер біраз уақыт шала туылған сәбилерге күтім жасайтын арнайы бөлімшеде болды.

№4 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосқан. Шала туылған сәбилерді дәрігерлер баптап, барлық қажетті медициналық көмек көрсетті.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, ата-анасы мен жақындары бүгін балаларын бауырына басты.
Жалпы соңғы 10 жылдың ішіндегі санаққа сүйенсек, ОҚО-да жыл сайын 7-13 үшем дүние есігін ашқан. Бұл уақыт аралығында 81 үшем туылды.

Бір жылда дүниеге келетін егіздердің саны – 800-ге жуық. 10 жылда туылған жергілікті егіздер саны – 7 мыңнан асады. Тек соңғы мерекелік бес күннің өзінде облыс аумағында 700-ге жуық сәби туылды. 2017 жылы облыста 76 353 сәби дүниеге келген. Олардың жартысына жуығы Шымкент қаласының еншісінде. Бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы қатарда Түркістан қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал және Сайрам аудандары тұр.

https://dalanews.kz/34693

Рекомендовать
Последние новости