Шын мәнінде, бүгінгі жастар Елбасы пайымдап , терең зерделеп жеткізген «Ұлы даланың жеті қырын» біле бермейтіні даусыз. Әрине, ішінара жастар білуі мүмкін. Бірақ, көпшілігі біле бермейтініне күмәнсіз.
Атап айтқанда, жылқыны қолға үйрету, атқа міну мәдениеті, тіпті, атты әскер құрып, жаугершілік заманда үстемдік құруы, ат үстіндегі киген киімі, шалбар, етік, сауыт, қылыш жасау арқылы Ұлы далада өзгелерге үлгі-өнеге бола білген бабаларымыздың ерен еңбегі мен батырлығын бүгінгі жас ұрпаққа үлгі етіп қана қоймай, оның тарихына назарын аудартады.
Металл өндірудің амал-тәсілдерін үйрену арқылы түрлі тұрмыстық, әрі әшекей зергерлік бұйымдар жасауы, қоршаған ортаны сақтай отырып, өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде санай отырып, аңшылық өнерді дамытып, сонымен бірге аң-жануарлар дүниесіне қамқорлық жасай білгендігін жеткізеді.
1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан «Алтын адамның» табылуы әлемдік ғылымда үлкен сенсация жасады. Әсіресе, ұлт тарихына сенімсіздікпен қараған бірқатар ғалымдардың ойларын жоққа шығарып, бірқатар құпияның бетін ашты.
«Алтын адамның» алтынмен қапталған бұйымдары мен киімдері дала өркениетінің жоғары деңгейде дамығанын және ұрпақұ көсемдерінің құдіреті мен мәртебесінің биік екедігін көрсетті.
Ұлт тарихында Алтай өлкесінің алар орны ерекше. Дәл осы өңірде Түркі дүниесі пайда болғанын білеміз.
Тарихы терең Ұлы Жібек жолыда дала көсемдерінің ойластырып, жүзеге асырған Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстырған орнықты платформа болды. Бұл-халықаралық ауқымды экономиканың өркендеуіне және мәдениеттің дамуына өз кезегінде ықпал етті.
Өсімдік пен жеміс атаулының ішіндегі ең жауһары қызғалдақ пеналманың Отаны-Қазақстан екенін мақтан етеміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қырын» өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, оны зерттеп, зерделеген мәселелерді бірнеше ірі жобаларға біріктіре отырып, ұлт тарихын, ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті етіп ел әжетіне жарату, сөйтіп ел игілігіне айналдырып, ұлт тарихының жаңа беттерімен ұрпаққа ұғындыру.
Сайып келгенде, Елбасының бұл мақаласы бүгінгі жастарға ой сала отырып, алдағы атқарар жұмыстарына жігерлендіре түседі деген ойдамын.
П.Ырсалы, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы