Алдымен аймақ басшысы Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне аялдады. 2016 жылы құрылған нысан көкөніс және жеміс-жидектерді қайта өңдеу, сақтау және дайын өнімді өткізу шаруаларын атқаруға бағытталған. Кооперативтің жалпы жер көлемі - 300 гектарды құрайды. Онда 50 гектар алма бауы, 30 гектар жүзім, 40 гектар алхоры, 40 гектар абрикос, 140 гектар бақша, көкөніс дақылдары егілген. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда аталған мекеме ауыл шаруашылық дақылдарын алу жөнінде жалпы жер көлемі 350 гектар құрайтын 7 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен келісім шарт жасасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі