Дидар Смағұлов ТЖБ жұмысын сынға алды

Dalanews 23 янв. 2024 06:29 1115

“Әділдік жолы” РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов Төтенше жағдайлар басқармасының жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жер сілкінісін ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесі үшін 1 120 538 143 теңге төленген.

“Мұндай келісімшартты 2023 жылы қыркүйекте сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Руслан Қасыбаев жасады. Себебі ол мердігер ұйымға орындалмаған жұмыс үшін заңсыз ақы төлеп, өрт сөндіру бөлімін техникалық қадағалау актісінсіз пайдалануға бергені үшін сотталды. Ал бұл адамдар біздің қауіпсіздігімізге жауапты. Сыбайлас жемқорлықтың сізге әсер етпейтініне әлі де сенімдісіз бе?” - дейді Дидар Смағұлов.  


Айта кетейік, 2023 жылы 27 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаевқа қатысты үкім шығарған болатын. Ол билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.

Рекомендовать
Последние новости