Алматыдағы жер сілкінісі: таудан жантүршігерлік көрініс

Dalanews 23 янв. 2024 06:25 876

Алматыда түнде болған жер сілкінісінен бейнежазба тарады. Желіде тауда орнатылған камераның жазбасы пайда болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Бір минуттан астам уақытқа созылған бейнежазбалардан қаланы дүр сілкіндірген күшті жер асты дүмпулері көрінеді. Кейбір аймақтарда жарық өшкен.

Видео МЫНА СІЛТЕМЕДЕ.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.

Рекомендовать
Последние новости