Дүлей дауыл 52 адамның өмірін жалмады

Асель Қайратқызы 05 нояб. 2025 10:14

Тайфун «Калмаэги» Филиппиннің орталық бөлігін шайқап өтті. Салдарынан 50-ден астам адам қаза тауып, шамамен 400 мың адам эвакуацияланды деп хабарлайды Dalanews.kz.

BILD басылымының хабарлауынша, аралдарға келген тайфун салдарынан кейбір елді мекендер су астында қалды. Куәгерлердің айтуынша, лайдан құралған тасқындар автокөліктерді, жүк көліктерін, тіпті кеме контейнерлерін сүйреп әкеткен.

Билік алдын ала шамамен 400 000 адамды эвакуациялауға үлгерді.

Метеорологтар апта соңына қарай тайфун Тайланд пен Вьетнамға жетуі мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен бірге, Inquirer басылымы Ұлттық апаттарға қарсы іс-қимыл және тәуекелдерді азайту кеңесінің деректеріне сілтеме жасап, 5 қараша күні таңертең «Калмаэги» тайфунның құрбандар саны 52-ге жеткенін хабарлады.

Филиппиннің орталық бөлігінде төтенше жағдай режимі сақталуда. Тайфунның аралдардан сәрсенбі кешке немесе бейсенбіге қараған түні кететіні күтілуде.


Рекомендовать
Последние новости