Таразда ер адамның өліміне дәрігерлерді айыптап отыр

Асель Қайратқызы 05 нояб. 2025 09:58

39 жастағы ер адамның отбасы оның өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп сенеді. Аурудың асқынуы мен жағдайының нашарлауына қарамастан, науқас дер кезінде көмек ала алмады деп хабарлайды  Dalanews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Екі айда аяқталуы тиіс болған тергеу ісі бір жылға созылып кетті, – деп мәлімдейді Almaty.tv тілшісі.

Мұхтар Исабеков жыл басында ауруханаға барып, кеуде тұсының ауыруы мен әлсіздікке шағымданған. Алайда туыстарының айтуынша, дәрігерлер көмек көрсетуге асықпаған.

Бастапқыда ер адамды орын жоқ деген сылтаумен ауруханаға жатқызғысы келмеген. Кейін, туыстарының айтуынша, «алғыссыз» ем жасалмайтынын астарлап жеткізген.

«Олар менің інімді қабылдамады, уақытты созды. Ақша сұрады — біз бердік, тек тексеруден өткізсін дедік. Қазір ақша бермесең, ешкім ештеңе істемейді. Сонда дәрігерлер не үшін ант береді, егер оны орындамаса?» — дейді марқұмның ағасы Сәкен Исабеков.

Науқасты ауруханаға жатқызған соң, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Анасының айтуынша, ұлы бірнеше рет үйге қоңырау шалып, «алып кетіңдерші» деп өтінген — ауырсыну төзбейтін деңгейге жетті. Бірнеше күннен кейін Мұхтар көз жұмды.

Дәрігерлердің алғашқы қорытындысында: «өкпеде аздаған сұйықтық бар» делінген. Алайда сараптама нәтижесінде — шамамен бір жарым литр сұйықтық анықталған. Тәуелсіз сараптама дәрігерлердің немқұрайлығы мен дер кезінде ем көрсетілмегенін растады.

Полиция басқармасы бастығының орынбасары тергеудің тоқтатылмағанын айтты.

«Тергеу мерзімі — екі ай. Егер қосымша іс-шаралар қажет болса, біз оны прокурор арқылы тағы үш-төрт айға ұзартамыз. Дәрігерге қатысты сараптамалар тағайындалды. Қосымша сот-медициналық комиссия өткізу жоспарланып отыр», — деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.


Рекомендовать
Последние новости