Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кеше Өскемен-Риддер тасжолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima көлігі жол апатына ұшыраған.
"Оқиға салдарынан 5 адам жан тапсырды. 1 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Арман Үмітов.
