“Жомарт” кенішінде тағы да апат: жұмысшылар опырылған тау жыныстарынан аман қалды

Қаракөз Амантай 05 нояб. 2025 11:30

“Қазақмыс корпорациясы” ЖШС-нің “Жомарт” кен орнында тағы да төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін, 2025 жылғы 17 ақпанда дәл осы кеніште болған апат салдарынан жеті кенші қаза тапқан еді. Ал бұл жолы жұмысшылардың айтуынша, тау жынысы техника үстіне құлап, кеніштің төбесі опырылған.

Абырой болғанда, жұмысшылар дер кезінде қашып үлгеріп, аман қалған.

Письма Президенту телеграм арнасының мәліметінше, оқиғаға байланысты нақты шара қабылданбаған.

“Кей дерекке сүйенсек, оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері нақты шара қабылдаудың орнына, есеп жазумен ғана айналысқан”, — дейді дереккөз.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында шахта опырылып, жеті қызметкер қаза тапқанын хабарлаған едік

Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Бүгін құтқарушылар жеті жұмысшының денесін тапты. 

Кабельдер үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс та үзілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Ұлытау және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және ТЖМ психологтары жұмылдырылды. 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтадағы жағдайдың себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды.


Рекомендовать
Последние новости