Батыс Қазақстан облысында алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды

Сағыныш Сардарова 05 нояб. 2025 10:29

Батыс Қазақстан облысында алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Ұйымдастырушылар уақытша табыс табу ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған. Интернет банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру күдіктілердің бақылауына өткен. Мұндай әрекеттерге қатысқандар, яғни "дропперлер" 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған. Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған. Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден асқан.

Эпизодтардың бірінде банк картасы бұғатталғаннан кейін бір дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіруді қалпына келтіруді талап еткен.

Қазір ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу жалғасып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости