Шығыста жантүршігерлік жол апаты болды: үш адам қаза тапты

Сағыныш Сардарова 03 нояб. 2025 14:24

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2 қарашада сағат 05:45 шамасында Омбы–Майқапшағай тасжолының 615/706-шақырымында Toyota Avensis жеңіл көлігі мен Howa жүк көлігі жол апатына ұшыраған.

Жол апаты салдарынан Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

"Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу") соталды тергеп-тексеру басталды. Қазір тиісті сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

 


Рекомендовать
Последние новости