Мұсылман саясаткер Нью-Йорк мэрі атанды

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2025 11:42

34 жастағы Зохран Мамдани Нью-Йорк мэрі сайлауында жеңіске жетіп, республикашыл Кертис Слива мен Дональд Трамптың қолдауына ие болған бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны артта қалдырды. Осылайша, ол қала тарихындағы алғашқы мұсылман мэр болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Угандада дүниеге келген Мамдани кейін Оңтүстік Африка Республикасына, одан соң АҚШ-қа қоныс аударған.

Саясатқа келмей тұрып, ол тұрғын үйінен айырылу қаупі бар азаматтарға көмек көрсетумен айналысқан. Сондықтан оның сайлауалды бағдарламасының басты бағыты - қолжетімді баспана мәселесін шешу.

Сонымен қатар, ол байларға салынатын салықты көбейтуді, ең төменгі жалақыны көтеруді және мектепке дейінгі білім мен қоғамдық көліктегі жолақыны тегін етуді ұсынды.

2017 жылдан бері Мамдани «Америка демократиялық социалистері» ұйымының мүшесі. Оның саяси көзқарасы қоғамда қызу пікірталас тудырғанымен, ол Демократиялық партияның праймеризінде айқын басымдықпен жеңіп, жалпы сайлауда да қарсыластарын артта қалдырды.


Рекомендовать
Последние новости