СҚО-да жұмысшы жалақасын бермеген бастығын атып өлтірді

Қаракөз Амантай 05 нояб. 2025 09:11

Солтүстік Қазақстан облысы, Докучаево ауылы “БурБат” шаруа қожалығының аумағында қанды оқиға орын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеттің мәліметінше, 22 жастағы Вадим Орлов масаң күйде қожалық иесі Азамат Батановқа келіп, жалақысын талап еткен. Араларында жанжал туындап, Батанов мылтығын алып шыққан. Қорқыту мақсатында ол аспанға оқ атқан.

Алайда Орлов мылтықты тартып алып, Батановқа оқ атқан. Салдарынан, 52 жастағы қожалық иесі оқиға орнында қаза тапты.

“22 жастағы күдікті ұсталды. СҚО Тимирязев ауданы, Докучаево ауылы тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда”, — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Деректерге сүйенсек, шаруа қожалықтың жылдық ақшалай түсімі 300 млн теңгеден асқан.


Рекомендовать
Последние новости