Семейде өзін мүгедек ретінде көрсетіп, азаматтарды алдап келген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
39 жастағы тұрғын инсульт алған, жүріп-тұра алмайтын адам кейпіне еніп, көшеде қайыр сұраған. Ол осылайша адамдардың аяушылық сезімін тудырып, ақша жинаған.
Тексеру барысында ер адамның дені сау екені анықталды. Сот шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды. Қазіргі таңда жазасын өтеп, босатылған.
Күдікті мұндай әрекетке қаржылай қиындықтарға байланысты барғанын айтқан.
