Азия чемпионы Абай облысында жол апатынан қаза тапты

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2025 12:10

Азия чемпионы Абай облысында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақпарат мәліметінше, Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың бірі 19 жастағы Нұрмагамбет Тұрарбеков екені анықталды.

Ол - Қазақстан құрамасының аралас жекпе-жек шебері.

Жас спортшы командаластарымен бірге Астанада өткен Азия чемпионатына қатысып, жарыстан кейін Семейге қайтып келе жатқан.

Alikhan Bokeikhan University проректоры Азамат Азатовтың мәлімдеуінше, студенттер жарысқа университеттің ресми шақыруы бойынша қатысқан.


Рекомендовать
Последние новости