Астана соты мас күйде ұсталған судьяға қандай шара қолданылатынын түсіндірді

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2025 10:09

Астана соттары судьяның алкогольдік мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру кезінде олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін ерекше құқықтық мәртебеге ие.

Алайда бұл мәртебе оларды құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігімен Бас прокуратураға жолданған. 

Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары Сот Кеңесіне ұсыныс енгізеді.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құзыретіне жатады.

"Барлық қажетті тексерулер уәкілетті органдармен заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде. Қазақстан Республикасының сот жүйесі заңдылық, әділдік және лауазымына не мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтардың заң алдында теңдігі қағидаттарын әрдайым ұстанады. Судья тарапынан заң мен қызметтік міндеттерін бұзу фактісі заң талаптарына сәйкес тиісті құқықтық баға мен салдарынсыз қалмайды", - делінген хабарламада. 

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости