«Адам өлтіру» бабымен халықаралық іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінде қолға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату директорының өліміне қатысты қастандық ұйымдастырған.
Қылмысқа техника жеткізуге байланысты туындаған қарыз себеп болған.
Еске салайық, былтыр қазанда Алматы облысында Lenovo компаниясының GR директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылған еді.
9 қазанда Ермек Жақыпжанов Алматы қаласындағы үйінен өзінің қарасұр түсті Hyundai Genesis көлігімен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Жақыпжанов Lenovo компаниясында 1,5 жыл бойы GR директоры (мемлекеттік мекемелермен байланыс жөніндегі маман) қызметін атқарған.
Шілдеде компания директорын өлтірген күдікті Әзербайжаннан экстрадицияланды.