Дымсыз қалатын болды. Антикор Қайрат Сатыбалдыға байланысты жаңа ақпаратты бөлісті

Қаракөз Амантай 06 мар. 2024 14:19 3603

Антикор Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында мемлекетке қанша қаражат қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, осы күнге дейін мемлекет шенеуніктен 700 млрд теңгеден астам қаражатты қолды еткен.

"Бүгінгі таңда 2022 жылдан бері жалпы 1 триллионнан астам теңге қайтарылды. Оның 732 млрд теңгесі Қайрат Сатыбалдыға қатысты істі тергеу аясында қайтарылды", - деді антикордың ресми өкілі Арман Тілеукен.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының "мемлекетке қайтарған" қонақ үйі жайлы тың дерек пайда болған еді


Рекомендовать
Последние новости