Бектенов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 05 мар. 2024 10:36 3119

2024 жылы 5 наурызда Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz .

Оның айтуынша, қазір болған жағдайды бағалау бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек. Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдау керек", – деді Бектенов.


Рекомендовать
Последние новости